{metadescription}
Қазақстандықтар тамыз айында қанша күн демалады
Күнтізбеден шілде айының соңғы күндері жылт етіп, тамыз айы табалдырықтан аттамақ.
20:09 29.07.2024
Бұл айда тек бір мемлекеттік мереке аталып өтеді - 30 тамызда Конституция күні тойланады.
2024 жылы Конституция күні жұмаға түседі, сәйкесінше, бұл күн демалыс болып саналады.
Осылайша:
- Аптасына бес күн жұмыс істейтіндер 30, 31 тамыз және 1 қыркүйекте демалады. Жалпы, сенбі-жексенбі күндерін есепке алғанда (1 қыркүйекпен бірге) 11 күн демалады.
- Алты күндік жұмыс кестесі бойынша еңбектенетіндер үшін 30 тамыз демалыс, 31 тамыз жұмыс күні, 1 қыркүйек демалыс болады. Жалпы, бұл айда 6 күн демалады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!