Мотоцикл тізгіндеген жасөспірім түйемен соқтығысып, көз жұмды
Атырау облысында кәмелетке толмаған жасөспірім мотоциклмен келе жатып түйеге соқтығысқан. Ауыр жарақат алған жасөспірім оқиға орнында көз жұмды.
16:58 29.07.2024
Оқиға 27 шілдеде кешкі мезгілде Қызылқоға ауданындағы Сағыз ауылында болған. Бүгін бұл деректі Атырау облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі растады.
«Кешкі сағат 21:30 шамасында Сағыз ауылында 2010 жылғы жасөспірім мотоциклмен келе жатып, түйеге соқтығысқан. Жасөспірім алған дене жарақаттарының салдарынан оқиға орнында қайтыс болған. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс тіркелді. Қазір кешенді тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жариялауға жатпайды», - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.
Дереккөз: Kazinform
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!