«СҚ-Фармация» басқарма төрағасы ауысты
Еркен Исаханұлы Жақатай «СҚ-Фармация» ЖШС Басқарма төрағасы қызметіне тағайындалды.
Фото: «СҚ-Фармация» ЖШС
17:20 29.07.2024
«Автоматика және басқару жүйесі» мамандығы бойынша Қазақ ұлттық техникалық университетін (1994 ж.), «Қаржы және несие» мамандығы бойынша Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін (2001 ж.) бітірген.
Мемлекеттік (ҚР Мемлекеттік кірістер министрлігі, ҚР Қаржы министрлігі, ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі), квазимемлекеттік («Қазына» Тұрақты даму қорының «Даму „Қоры“ АҚ, ҚР „Ұлттық медициналық холдингі“ АҚ, Ресей Федерациясындағы Қазақстан Республикасының Сауда өкілдігінде) және жеке секторда 30 жылдан астам басшылық жұмыс өтілі бар.
2021 жылдан бастап тағайындалғанға дейін жеке секторда жұмыс істеді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!