Ресейде пойыздың 8 вагоны рельстен шығып кетті
Ресейдің Волгоград облысында жолаушылар пойызының сегіз вагоны рельстен шығып кетті. Алдын ала мәлімет бойынша, оқиға ЖКО салдарынан болған, деп жазады ТАСС.
Фото: Видео кадры
18:47 29.07.2024
Жедел қызмет зардап шеккендер бар екенін хабарлады.
«Алдын ала мәлімет бойынша, ЖКО салдарынан Қазан-Адлер пойызының сегіз вагоны рельстен шығып кетті, олардың бір бөлігі аударылып қалған. Зардап шеккендер бар. Олардың нақты саны әзірге белгісіз», - деді агенттіктің сұхбаттасушысы.
Оның айтуынша, жолаушылар вагондардан өздері шыққан. Оқиға орнында барлық жедел қызмет жұмыс істеп жатыр. Зардап шеккендерге жергілікті жерде көмек көрсетіледі немесе ауруханаларға жеткізіледі.
Дереккөз: Kazinform
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!