{metadescription}

Атырауда 3-қабаттан құлаған 6 жасар бала ауруханаға түсті

Атырау қаласында 6 жасар бала тұрғын үйдің 3-қабатындағы терезесінен құлап кетті.

Қазір ауыр дене жарақаты бар бала ауруханада жатыр. Атырау облыстық төтенше жағдайлар департаментінің қоғаммен байланыс тобынан мәлім еткендей, оқиға кеше, 29 шілдеде болған. 

«Түсқайта сағат 16:00 шамасында Атырау қаласының Б.Құлманов көшесінде орналасқан 6 қабатты тұрғын үйдің 3-қабатындағы терезесінен 6 жасар бала құлап кетті. Ол ауыр дене жарақатын алған. Терезеден құлаған бала жедел жәрдем бригадасының көлігімен облыстық балалар ауруханасына жеткізілді», -деп хабарлады департаменттің қоғаммен байланыс тобы.

Төтеншеліктердің мәліметінше, бұл – жыл басынан бері тіркелген жетінші дерек. 

Бұған дейін Атырау облыстық төтенше жағдайлар департаменті төтенше жағдайлардың алдын алу бөлімінің бастығы, азаматтық қорғау майоры Сәбит Борашев 6 баланың терезеден құлағанын айтқан еді. 

«Кейінгі кезде балалардың жазатайым оқиғаға ұшырауы жиіледі. Әсіресе, 2-7 жасқа дейінгі балалардың терезеден құлауы көбірек кездеседі. Негізгі себеп – оңай ашылатын пластикалық терезе. Ата-аналар балаларының қауіпсіздігіне салғырттық танытады. Көпшілігі балаларын үйінде қараусыз қалдырып кетеді. Осындай себептің салдарынан жыл басынан бері 6 бала терезеден құлады», - деген еді Сәбит Борашев.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

20 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде