Алматыда заңсыз салынып жатқан тұрғын үй кешені бұзылды
Алматыда сот заңсыз салынып жатқан тұрғын үй кешенін бұзу туралы шешім шығарды.
Фото: Алматы әкімдігі
11:17 30.07.2024
Алматы қалалық сотының 2023 жылғы 24 шілдедегі қаулысымен Алматы қаласы әкімдігінің талап арызын қанағаттандыру және Ерменсай шағын ауданы 7, 7 / 71 мекенжайы бойынша заңсыз салынып жатқан көппәтерлі үйді бұзу туралы шешім қабылданды.
«Graff» тұрғын үй кешені үш жер телімінде тиісті рұқсат құжатсыз салынған.
Бұған дейін қала құрылысын бақылау басқармасы тапсырыс берушіге (жеке тұлғаға) қатысты бұзушылықтарды жоюға нұсқама беріп, әкімшілік шаралар қабылдады, ал кейінірек Бостандық аудандық сотына бұзуға талап арыз түсірді.
Былтыр аудандық соттың шешімімен басқарманың заңсыз құрылысты бұзу туралы талап арызы қанағаттандырылды. 2023 жылдың 19 қазанында апелляциялық сот бірінші сатылы соттың шешімін өзгеріссіз қалдырды.
Нысан осы жылдың 29 шілдесінде Әділет департаментінің сот орындаушыларының қатысуымен бұзылды.
Дереккөз: kazinform
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!