Алматыда зейнеткерлерді өлтіріп, үйін өртеп жіберген күдікті ұсталды
Алматыда жеке үйдегі өртті сөндіру барысында екі адамның мәйіті табылды.
Фото: Polisia.kz
12:12 30.07.2024
Алдын ала дерек бойынша бұл үйде тұрған зейнеткерлерді қылмыскер өлтіріп, үйді өртеген. Алматы қаласының Полиция департаменті аталған жағдайға байланысты қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.
- Кісі өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті «ізін суытпай» ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Алдын ала мәлімет бойынша, қылмыстың себебі ұрыс-керіс пен араздық болған.
Басқа да мән-жайлар анықталуда, - деп хабарлады департаменттен.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!