Ертіс өзенінде қайық аударылып, бір адам суға батып кетті
1972 жылғы азаматтың мүрдесін су астынан туыстары алып шыққан. Қазіргі уақытта сот-медициналық сараптама жүргізіліп жатыр.
Фото: Pexels
13:50 30.07.2024
Ертіс өзенінің Павлодар облысы Ертіс ауданы аумағында қайық аударылып, жазатайым оқиғадан 1972 жылғы ер азамат көз жұмды.
«Ер адам Ертіс ауылы маңында өзенге қайықпен түскен. Абайсызда қайығы аударылып кетіп, өзі суға құлаған. Оның денесін арада бір тәулік өткенде туыстары оқиға болған аумақтан 6 шақырым жерден тауып алды», деп хабарлады өңірлік төтенше жағдайлар департаментінен.
Тілсіз жаудың құрбанына айналған марқұмның мүрдесі полицияға тапсырылды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!