{metadescription}

Ақтөбеде шахта қызметкері моральдық зиян үшін 5 млн теңге өтемақы өндіріп алды

Ақтөбе қаласының №3 сотына қызметкер жұмыс берушісінен 5 млн теңге моральдық зиянды өндіру туралы талап қою арызымен жүгінген. Бұл туралы ҚР Жоғарғы сотының баспасөз қызметі мәлім етті. 

Іс құжаттарына сәйкес, талап қоюшы 2022 жылдан бері шахтада бекіткіш қызметін атқарған. Өз жұмысын атқарып жатқан кезде, кенеттен кен орнындағы жардан бөлініп, құлаған тау массасы талап қоюшының үстіне түсіп, салдарынан ол есінен танып қалған.

«Жазатайым оқиға салдарынан жұмысшы ауыр жарақат алып, оған ота жасалып, ІІІ топтағы мүгедектік белгіленген», — делінген хабарламада.

Еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиға туралы актісіне сәйкес, жұмыс берушінің 80% кінәсі және талап қоюшының 50% еңбекке қабілеттілігінен айырылу дәрежесі анықталып отыр. 

«Сот жазатайым оқиға нәтижесінде талап қоюшының денсаулығына елеулі зиян келтірілгенін, алған жарақаттың ауырлығын, алдағы уақытта ота жасалуымен жоғалған денсаулықты қалпына келтіру бойынша оңалту курстарын ескеріп, талап қоюшының талабын толық көлемде қанағаттандырды. Жұмыс берушіден талап қоюшының пайдасына 5 млн теңге мөлшерінде моральдық зиян өндірілді», — деп хабарлады Жоғарғы соттың баспасөз қызметі.

Сот шешімі заңды күшіне енді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

20 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.