{metadescription}

Селфи жасаймын деп ажал құшты

Жасөспірім фотосессия жасау кезінде абайсызда өзенге құлап, суға батып кеткен.

Қазіргі таңда құтқарушылар 16 жасар қызды іздестіріп жатыр, деп жазады kazinform. Оқиға Қасқасу ауылынан 15 шақырым жердегі «Сайрам-Өгем» ұлттық паркінің аумағында болды. Достарының айтуынша, жасөспірім фотосессия жасау кезінде абайсызда Сайрам су өзеніне құлап кеткен. Іздестіру-құтқару жұмыстарына Түркістан облысы ТЖД-нің 54 қызметкері, 1 жүзу құралы және 4 техникасы жұмылдырылды. Сондай-ақ, Түркістан облысы полиция департаментінің 6 қызметкері мен 3 техникасы және жергілікті атқарушы органдардан 11 адам іздеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.

«Азаматтарды судағы қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға шақырамыз», - деді, Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Асхат Ержанов.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

20 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.