Ақтөбеде су тарифін есептеу тәртібі өзгереді
Ақтөбеде 1 тамыздан бастап су тарифін есептеу тәртібі өзгереді.
Фото: Pixabay.com
08:04 31.07.2024
Тариф үйде немесе пәтерде тіркеуде тұрған адам санына қарай өзгереді.
ҚР Энергетика министрлігі «Неғұрлым аз тұтынсаңыз, соғұрлым көп үнемдейсіз» қағидатын бекітіп, сараланған тарифті белгілеуді тапсырды. Қазіргі кезде Ақтөбе қаласы бойынша бір адамға тұтыну лимиті бекітілді. Ол 4 деңгейден тұрады. ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті басшысы Ерлан Дүйсеннің айтуынша, бұл суды үнемдеуге мүмкіндік береді.
«Бірінші деңгей бойынша әр адам айына 3 текше метр су тұтына алады. Бұл топта қазіргі қолданыстағы тариф сақталады. Екіншісі тұтыну көлемі — 3-тен 5 текше метрге дейін. Тариф 20%-ға жоғары болады. Үшіншісінде 5-тен 10 текше метрге дейін. Тұтыну тарифі 50%-ға жоғарылайды. Ал төртінші топта, яғни, 10 текше метрден асатын болса екі еселенген тариф қолданылады», — деді ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті басшысы Ерлан Дүйсен.
Талап бойынша қала тұрғындарын салқын сумен қамтамасыз етіп отырған коммуналдық мекеме желілерді жаңғырту, тозу көрсеткішін азайтуға көп көңіл бөлуі тиіс.
1 тамыздан бастап енгізілетін тарифтер мынадай болады:
— ІІ-топ (3 текше метрге дейін): 129,89 теңге/м³ ҚҚС-мен.
— ІІ — топ (3-тен 5 текше метрге дейін): 155,86 теңге/м³ ҚҚС-мен.
— ІІІ — топ (5-тен 10 текше метрге дейін): 194,83 теңге/м³ ҚҚС-мен.
— ІV — топ (10 текше метрден асатын көлем): 259,77 теңге/м³ ҚҚС-мен.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!