Степногорда медициналық анықтамаларды қолдан жасау дерегі анықталды
Степногор қаласында медициналық анықтамаларды қолдан жасау дерегі анықталды, деп жазады kazinform.
Фото: pixabay.com
10:05 31.07.2024
Ақмола облысы прокуратурасы баспасөз қызметінің мәліметінше, Степногор қаласының прокуратурасы кейіннен жұмысқа қабылдау немесе рұқсат құжаттарын, оның ішінде жүргізуші куәлігін алу кезінде пайдаланылған медициналық тексеруден өту туралы анықтамаларды қолдан жасау деректерін әшкерледі.
«Азаматтардың белгілі бір ақыға «Ш» есімді азаматтан медициналық мамандардың нақты тексеруінсіз медициналық тексеруден өткені туралы жалған анықтамалар сатып алғаны анықталды. Тексеру қорытындысы бойынша күдіктіге қатысты Қылмыстық кодекстің 385-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Медициналық анықтамаларды қолдан жасаудың жолы кесілді», — деді ведомстводан.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!