{metadescription}

Қонаевта пышақ жарақатын алған адамның жағдайы қалай

Қонаев қаласында пышақ жарақатын алған ер адамның қазіргі жағдайы белгілі болды, деп жазады kazinform.

Қонаев қалалық көпсалалы ауруханасының баспасөз қызметі автобус жолаушысы 28 шілде күні мойын тұсынан пышақ жарақатын алғанын хабарлады. 

«Науқас жедел жәрдем бригадасымен Қонаев қалалық көпсалалы ауруханасына жеткізілді. Аурухананың қабылдау бөлімінде алғашқы медициналық көмек көрсетілді, яғни мойынның кесілген жарасына алғашқы хирургиялық зарасыздандыру жүргізілді. Мойын тамырларының компьютерлік томографиясы мен кеуде қуысының рентгенографиясы жасалды»,- деп хабарлады емдеу мекемесінен.

Дәрігерлердің айтуынша, тексеру кезінде науқастың күре тамырының зақымданбағаны белгілі болды.

Науқастың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ. Осыған байланысты мамандар оны амбулаторлық емдеуге жіберді. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

20 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде