Түркістан облысында селфи жасаймын деп суға кеткен қыз іздестіріліп жатыр
Оқиға Қасқасу ауылынан 15 шақырым жердегі «Сайрам-Өгем» ұлттық паркінің аумағында болған. Достарының айтуынша, жасөспірім фотосессия жасау кезінде абайсызда Сайрам су өзеніне құлап кеткен.
Фото: Солтан Жексенбеков/ Kazinform
14:53 31.07.2024
Іздестіру жұмыстары туралы ТЖМ Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитеті төрағасының орынбасары Ақылбек Ахметжанов айтып берді.
«Қайғылы оқиға болған жерге біздің құтқарушылар шұғыл барды. Бірақ, суға батқан адам бір орында тұрмайды, ағып кетуі мүмкін. Іздеудің өз технологиясы бар, сүңгуірлер адам батқан жерден бастап, іздеу көлемін ұлғайта береді. Түркістан облысындағы жағдай бойынша екі топ жұмыс істеп жатыр, қажет жағдайда тағы қызметкерлерді тартамыз», - деді Ақылбек Ахметжанов Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында.
Оның айтуынша, бойжеткен батқан өзеннің ағысы қатты және суы тұнық емес.
Кеше Түркістан облысында жасөспірім фотосессия жасау кезінде абайсызда өзенге құлап, суға батып кеткен.
Дереккөз: Kazinform
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!