Қор нарығында доллар арзандады
Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамы төмендеді.
15:50 31.07.2024
KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 1,21 теңгеге арзандады.
Бір АҚШ долларының орташа бағамы — 473,95 теңге.
Ұлттық банктің 31 шілдедегі ресми бағамы — 1 долларға 475,37 теңге.
Ресей рублінің орташа сараланған құны — 5,51 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 474,3 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 475,5 теңге.
Ал Астана қаласы бойынша сату бағамы — 472 теңге, сатып алу құны — 477 теңге.
Ресей рублі 5,33 — 5,45 теңге аралығында саудаланып жатыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!