Израильдің Бейрутке жасаған соққысынан төрт адам қаза тапты
Бейруттың оңтүстік шетіне жасалған Израиль әуе шабуылынан қаза тапқандар саны төрт адамға жетті. Оның екеуі төрт және алты жастағы балалар. Бұл туралы елдің Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады. Бұған дейін бір әйел қайтыс болғаны хабарланған болатын, деп жазады ТАСС.
Фото: ria.ru
16:42 31.07.2024
Al Mayadeen телеарнасының хабарлауынша, үйінді астында қалып қойғандар мен із-түзсіз жоғалғандарды іздеу үшін ауыр техника жұмылдырылды.
Зардап шеккендер саны 68-ден 74 адамға дейін өсті, олардың барлығы қалалық ауруханаларда ем алып жатыр. 65 адам үйлеріне шығарылды, қалғандарының жағдайы хирургиялық емді қажет етеді. Шиит Хезболла жасақтарының штаб-пәтері орналасқан Харет-Хорейк көшесіндегі үйінділерді жою жұмыстары жалғасып жатыр. Куәгерлер қаза болғандар саны әлі де артуы мүмкін екенін айтады.
30 шілде күні Израиль әскери-әуе күштерінің жойғыш ұшағы Хезболла бекінісі ретінде қызмет ететін Бейруттың оңтүстік шетіндегі Дахия қаласына төрт зымыран ұшырды. Зымыран құлаған блокта төрт қабатты ғимарат қирап, көршілес ғимараттар мен тұрақтағы көліктерге зақым келді.
Шабуылдың мақсаты — «Хезболланың» жедел штабын басқарған әскери жетекшісі Фуад Шокрды жою. Алған жарақатының салдарынан ол ауруханада қайтыс болды, бірақ бастапқыда ол қастандықтан құтылып кетті деп хабарланған болатын.
Дереккөз: Kazinform
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!