Алматыда жыл басынан бері 13 бала терезеден құлап кеткен
Алматыда балалардың тұрғын үйлердің терезелерінен құлау деректері көбейген. Осыған орай, Алматы полициясы ата-аналарға үндеу жасады.
19:41 31.07.2024
«Жыл басынан бері Алматыда бала терезеден құлап кеткен 13 оқиға тіркелді. Өкінішке қарай, оның жетеуі өліммен аяқталды. Сонымен қатар жаз басталғаннан бері суға түсу үшін жабдықталмаған жерлерде үш кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірім суға батып кеткен. Осыған байланысты Алматы полиция департаменті ата-аналарды балаларды қараусыз қалдырмауға, көпқабатты үйлердің терезелеріне тосқауыл орнатуға, терезе маңына жиһаз бен тұрмыстық заттарды қоймауға шақырады. Заңда балалардың қауіпсіздігі мен денсаулығын қамтамасыз етпегені үшін жауапкершілік қарастырылғанын естеріңізге саламыз», – деді Жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары Айтан Елеусізов.
Дереккөз: Kazinform
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!