{metadescription}
Қостанайдағы бруцеллез дауы: Ауру малды тапсырмағандарға айыппұл салынады

Қостанайдағы бруцеллез дауы: Ауру малды тапсырмағандарға айыппұл салынады

Бұған дейін Қостанай облысы Әулиекөл ауданы Калинин ауылында ірі қараның бруцеллез ауруына шалдыққанын жазған едік.

Десе де, кейбір тұрғын бұған сенбей, қан сынамасын қайта тапсыруды сұраған. Құзырлы органдар мәселенің заң бойынша реттелетінін алға тартып отыр, деп жазады kazinform. ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, 2024 жылдың 24 шілдедегі сараптама актісі бойынша қосымша диагностикалық зерттеу нәтижесінде 49 бас малдан аурудың оң нәтижелері тіркелген.

«Барлық мал иелеріне ветеринарлық-санитарлық талаптарға сәйкес ауырып тұрған малды санитарлық союға тапсыру жөнінде нұсқамалар берілді. Қазіргі уақытта 25 бас мал «Қостанай Агро Продукт» сою пунктіне жеткізілді. Алайда 24 бас ірі қара малдың иелері тапсырудан бас тартты. Оларға нұсқаманы орындау үшін 2024 жылдың 10 тамызына дейін уақыт берілді», - делінген Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Заңнамаға сәйкес, мал иелері ветеринарлық талаптарды бұзғаны үшін жауапты болады. Ауырған малды тапсырудан бас тарту ҚР заңдарында қарастырылған әкімшілік айыппұлдарға әкеп соғады. Нұсқаманы орындамау бруцеллездің таралуына себеп болып, адамдар мен малдардың денсаулығына ауыр қауіп төндіруі мүмкін.

Ветеринарлық қызмет барлық мал иелерін ветеринарлық талаптарды қатаң сақтауға және аурумен күрес шараларын уақытында қабылдауға шақырады, бұл бруцеллездің әрі қарай таралуын болдырмауға және халық пен малдардың денсаулығын қорғауға көмектеседі.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде