Ертіс-Баян өңірінің полицейлері жоғалған 24 адамды іздеп тапты
Павлодарлық полицейлер жыл басынан із-түссіз жоғалған 24 адамды іздеп тапты. Олардың барлығы үйлеріне қайтарылды.
Фото: Polisia.kz
14:54 01.08.2024
Өңірлік полиция департаменті криминалдық полиция іздеу бөлімінің бастығы Қуандық Қасымовтың айтуынша, жоғалған адамның туыстары арызды жедел берген жағдайда оны табу да мейлінше жеңілдей түседі. Жыл басынан бері Павлодар облысының полиция қызметкерлері жоғалған 24 адамның орналасқан жерін анықтап, үйіне қайтарған, деп жазады kazinform.
Мәселен, биылғы 24 шілде күні полицияға ұлының жоғалып кеткені туралы арызбен анасы жүгінген. Ол екі күн бұрын 48 жастағы ұлы үйден кетіп қалып, әлі оралмағанын түсіндірді. Өз бетімен іздеу нәтиже бермеген соң анасы тәртіп сақшыларынан көмек сұраған. Жоғалған адамды іздеуге полицияның жеке құрамы мен өзге де күштер, еріктілер тартылды.
- Іздестіру іс-шаралары барысында 31 шілде күні полицейлер Ресей Федерациясының Барнаул қаласында хабар-ошарсыз кеткен азаматты тапты. Белгілі болғандай, туыстарымен жанжалдан кейін ер адам үйден кетіп қалған. Сөйтіп 10 күн бойы байланысқа шықпаған, - дейді Қуандық Қасымов.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!