Мемлекеттік күзет қызметі Астананың бірнеше көшесінде қозғалысты шектейді
Елорданың бірқатар көшесінде көлік пен жаяу жүргіншілердің қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі, деп жазады kazinform.
Фото: Виктор Федюнин/ Kazinform
16:24 01.08.2024
«Астанада қоғамдық-саяси іс-шараларды өткізуге байланысты 7-10 тамыз аралығында Елорданың Есіл ауданында (Оңтүстік айналма жол, Қабанбай батыр даңғылы, Мәңгілік Ел, Ұлы Дала, Достық, Керей, Жәнібек хандар көшелері), Нұра ауданында (Тұран, Ұлы Дала даңғылы) және Алматы ауданында (Тәуелсіздік даңғылы, Нәжімеденов, Аманжолов көшесі) бірқатар көшедегі көлік пен жаяу жүргіншілердің қозғалысына уақытша шектеулер енгізіледі», - деп жазылған Мемлекеттік күзет қызметінің хабарламасында.
Дайындық аясында 3 тамыз күні бірлескен жоспарлы оқу-жаттығулар өткізіледі.
«Іс-шаралар арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, сондай-ақ Қарулы Күштердің, оның ішінде әскери авиацияның ресурстарын пайдалануды көздейді. Осыған байланысты елорда тұрғындары мен қонақтарынан қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша жүргізіліп жатқан іс-шараларға түсіністікпен қарауды сұраймыз», - дейді Мемлекеттік күзет қызметі.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!