Қазақстандықтарға Еуроодақ елдеріне визалық режим жуырда жеңілдеуі мүмкін
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу отандастарымызға Еуропа елдеріне виза алу оңайлатылуы мүмкін екенін айтты.
Фото: Canva
17:14 01.08.2024
Еуропалық Одақтың Сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі Жоғарғы өкілі, Еурокомиссияның вице-президенті Жозеп Борреллдің Астанаға ресми сапары барысында қазақстандықтар үшін Еуроодақ елдеріне визалық режимді жеңілдетуге уағдаласты.
«Кездесудің маңызды бағыттарының бірі – Қазақстан азаматтары үшін Еуроодақтың визалық режимін жеңілдету. Доктор Жозеп Борреллмен осы түйінді шаруаның оң шешімін жуық арада табу мақсатында күш-жігер жұмылдыруға уағдаластық», - деді Мұрат Нұртілеу Еуропалық Одақтың Сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі Жоғарғы өкілімен кездесуден кейін БАҚ өкілдері алдында.
Дереккөз: kazinform
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!