Қазақстан халқының саны өсті
Қазақстан халқының саны бойынша жаңартылған деректер бүгін, 2024 жылғы 1 тамызда Ұлттық статистика бюросында ұсынылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Фото: Zakon.kz
18:03 01.08.2024
Ақпаратқа сүйенсек, 2024 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша халық саны 20 159 707 адамды құрады, оның ішінде:
қала тұрғындары – 12 573 637 адам,
ауыл тұрғындары – 7 586 070 адам.
"Жарты жылдың ішінде халық саны 125 867 адамға артты, оның ішінде табиғи өсім есебінен 118 579 адамға, көші-қон есебінен 7289 адамға өсті", - дейді Ұлттық статистика бюросы.
Халық санының ең жоғары өсу қарқыны Астана мен Шымкент қалаларында, тиісінше 2,93% бен 1,38%, сондай-ақ Алматы қаласында тіркелді – 1,33%.
Бұған дейін 1 маусымда Қазақстанда 20 139 914 адам тұрғаны хабарланған болатын.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
Серіктестер жаңалықтары