Қоқыс жәшігі деп, контрабандалық темекіні алып өтпек болған
Ақтау теңіз портында контрабандалық тауар тәркіленді.
Фото: inaktau.kz
17:49 01.08.2024
Кеден бекетінің қызметкерлері ҚР Ұлттық Қауіпсіздік Комитеті Шекара қызметімен және экономикалық тергеу департаментімен бірге Бас көлік прокуратурасының талабы бойынша, кедендік тексеру барысында Иран Ислам Республикасынан келген жүк контейнерінде темекі партиясын анықтады.
Бірақ, тауар құжат бойынша «қоқыс жәшігі» деп көрсетілген. Жүк контейнерін жөнелтуші ирандық компания, ал тауарды алушы қазақстандық ЖШС-нің бірі болып шықты.
Қазіргі уақытта тасымалдау объектісінде кедендік тексеру жалғасып жатыр. Өзге ақпараттар тергеу мүддесі үшін жария етілмейді. ҚР Конституциясының 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, адам қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі заңды күшіне енген сот үкімімен белгіленгенге дейін кінәсіз деп есептеледі.
Дереккөз: kazinform
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!