Алматы облысында сапасыз орындалған жол жұмыстары анықталды
Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау шеңберінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жол салу және жөндеу саласындағы жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізіп жатыр.
Фото: Ағыбай Аяпбергенов / Kazinform
18:31 01.08.2024
Жол құрылысының сапасына ашық және тұрақты бақылауды қамтамасыз ету үшін мониторингтік жұмыс тобы құрылды. Оған жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы, «ҚазАвтоЖол» филиалдары, жол активтері сапасының ұлттық орталығы, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы еріктілер енді.
Жұмыс тобы шілде айында «Қонаев-Күрті», «Күрті-Бурылбайтал» жол объектілеріне шығып, «Шамалған» айналма жолын жүріп өтті. Бұл нысандар 2024 және 2025 жылдары пайдалануға беріледі, жобалардың құны шамамен 25 — 46 млрд теңге аралығанда бағаланып отыр. Нысандарға мердігер ұйымдардың 775 қызметкері және 314 техникасы жұмылдырылды.
Мониторинг барысында жұмыс тобы бас мердігерлермен бірлесіп, жүргізілетін жұмыстар мен материалдардың сапасын, сондай-ақ олардың сметалық құжаттамаға сәйкестігін тексерді.
Бұрын «Құрты-Бурылбайтал» объектісінде 1,7 млрд теңгеге (жалпы құны 29,9 млрд теңге) сапасыз орындалған жұмыстар анықталды.
Бұл бойынша төлем толық көлемде жүргізілген. Нормалардан көрсетілген ауытқулар кезінде автожолдың есептік пайдалану мерзімі және келесі орташа немесе күрделі жөндеуге қоюға дейінгі уақыт кезеңі айтарлықтай қысқаруы мүмкін.
Осыған байланысты департамент тапсырыс берушіге ақпараттық хат жолдады, анықталған бұзушылықтар жойылады.
Дереккөз: kazinform
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!