Iрi партиядағы есiрткi контрабандасы арнасының жолы кесілді
ҰҚК Шекара қызметі есірткінің рекордтық партиясын Мемлекеттік шекара арқылы алып өтудің жолын кесті.
Фото: ҰҚК баспасөз қызметі
09:06 02.08.2024
Түркістан облысындағы Б.Қонысбаев атындағы бақылау-өткізу пунктінде шекарашылар қызметтік итті пайдалана отырып, ауыр жүк көлігінде аяқ киім креміне арналған ыдыстарға жасырылған күдікті заттарды тауып, тәркіледі.
Сараптама заттардың құрамында героин барын көрсетті, оның жалпы салмағы — 775 кг.
Табылған есірткінің «қара» нарықтағы құны — 15 млн АҚШ долларынан асады.
Осы қылмысты жасады деген күдікпен екі шетел азаматы ұсталды және сот санкциясымен қамауға алынды.
Сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!