{metadescription}
Семей орманы резерватынан өрт шықты

Семей орманы резерватынан өрт шықты

"Семей Орманы" МОТР операторынан Бесқарағай ауданында Дөңгелек орманшылығының аумағында орман жабындысы бар аймақта дақылдар өртеніп жатқаны туралы хабарлама келіп түскен.

Экология және табиғи ресурстар министрлігінің мәліметіне сенсек, өрт кеше 12:06 кезінде байқалған. Техника орман өртін сөндіру стансасынан 12:12 шамасында жолға шықты. 12:45-те орманшылар мен құтқарушылар өрт сөндіруді бастады. 

Семей орманы резерваты мен Абай облысы ТЖД қызметкерлері тілсіз жаумен бірлесіп күресті. 

Өрттің жалпы ауданы — 7 гектар. Оның ішінде орманмен қамтылғаны — 1,06 га. Өрт сөндіруге 82 адам және 26 техника қатысты. Оның ішінде МИ-2 тікұшағы да бар. 

Жалын түнде ғана ауыздықталып, сөндірілді.  

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде