Павлодарда суға батып бара жатқан әйел құтқарылды
Павлодар қаласындағы Усолка өзенінде суға батып бара жатқан 24 жастағы әйел құтқарылды. Құтқарушылар оны жағаға жеткізіп, жедел жәрдем келгенше есін жиғызған.
10:39 02.08.2024
Бұл туралы өңірлік Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен хабарлады.
«1 тамыз күні сағат 13.30-да Усолка өзенінде кезекшілік кезінде төтенше жағдайлар департаментінің жедел құтқару жасағы суға бата бастаған әйелді құтқарылды. 2000 жылы туған әйел адам өз күшін есептемей, жүзу шекараларын белгілейтін қалқымалардан асып кеткен. Құтқарушылар оны жағаға жеткізді. Жедел медициналық жәрдем келгенге дейін реанимациялық іс-шаралар жүргізді және олардың әрекеттерінің арқасында әйел есін жиды», - деп мәлімдеді баспасөз қызметінен.
Су айдындарындағы қауіпсіздік ережелерін бұзғаны үшін әйел адамға қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 412-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырды.
Дереккөз: Kazinform
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!