{metadescription}
Криптовалюта арқылы пирамидаға ақша салғандардың 250 млн теңгесі қайтарылды

Криптовалюта арқылы пирамидаға ақша салғандардың 250 млн теңгесі қайтарылды

Қаржылық мониторинг агенттігі ТМД кеңістігінде алғашқы болып қазақстандықтардан қаржы пирамидасына криптоактивтер арқылы заңсыз тартылған 250 млн теңгені шетелден қайтарды. 

Әлемдік тәжірибеде мұндай нәтижеге бірнеше ел ғана қол жеткізген.

Агенттік заманауи IT құралдарды пайдалана отырып, 2,5 ай ішінде қазақстандықтардың қаражатын криптовалютаға тартқан «Eolus» жоғары технологиялық қаржы пирамидасын жойды.

Еліміздің 12 өңірінде (Алматы, Астана, Шымкент, Павлодар, Өскемен, Ақтөбе, Атырау, Қызылорда, Орал, Көкшетау, Жетісу, Түркістан) 2,5 мыңға жуық салымшы тартылды. 

Елордалық ұйымдастырушының мүлкі тәркіленіп, 6 жылға бас бостандығынан айырылды.

Қылмыстың ізін жасырып, жиналған қаражатты кедергісіз иемдену мақсатында, пирамиданы ұйымдастырушылар салымшылардан түскен бүкіл қаржылық ағындарды көптеген транзиттік крипто әмияндар арқылы жасырған.

Агенттік қызметкерлері заманауи блокчейн-аналитиканың құралдарын пайдалана отырып, барлық транзакцияны анықтап, қылмыстық кірістер ағылған негізгі әмияндарды тапты.

Ұрланған қаражат агенттіктің арнайы шотына аударылып, одан әрі жәбірленуші азаматтарға келген залалды өтеу үшін пайдаланылатын болады.

ҚМА қылмыстық активтерді қайтару және басқа да алаяқтық жобалар бойынша осы практиканы қолдануды жоспарлап отыр.

Агенттік азаматтарды пассивті кіріс пен артық пайданы уәде ететін күмәнді инвестициялық жобаларға сенбеуге шақырады.

Компанияның сенімділігін Baiqa, piramida! боты арқылы тексере аласыз. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.