Атырау облысында жасөспірім суға батып кетті
Атырау облысында тағы бір жасөспірім Шарон өзеніне батып кетті.
15:16 02.08.2024
Атырау облыстық төтенше жағдайлар департаменті қоғаммен байланыс тобының мәліметіне сүйенсек, оқиға кеше, 1 тамызда Құрманғазы ауданында болған.
«Кеше сағат 18:10 шамасында Х.Доспанова ауылында 1 жасөспірімнің Шарон өзеніне батып кеткені туралы хабар түсті. Суға батқан 2010 жылғы жасөспірім екені анықталды. Осыған байланысты Құрманғазы төтенше жағдайлар және полиция бөлімдерінің қызметкерлері, ауыл тұрғындары іздестіру жұмысын жүргізді. Бүгін, 2 тамызда жедел-құтқару жасағының сүңгуірлері су астынан іздестіру жұмыстарын жүргізуді қайта бастады. Таңғы сағат 07:22-де жасөспірімнің мүрдесін 4 метр тереңдіктен тауып, өзен жағасына шығарды», - деп хабарлады департаменттің қоғаммен байланыс тобы.
Іздестіру жұмысына төтенше жағдайлар департаментінің 11 құтқаршысы, 1 жүзу құралы, 3 техника тартылған.
Дереккөз: Kazinform
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!