{metadescription}
Астанада Тұран даңғылының бір бөлігі жабылады

Астанада Тұран даңғылының бір бөлігі жабылады

Астанада тағы бір жол учаскесінде көлік қозғалысына шектеу қойылды. 

Астана қаласының көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы төменде берілген схемаға сәйкес Тұран даңғылының жергілікті жол жүру учаскесінде кәріз желісін кесу жұмысы жүргізілетінін хабарлайды.

Жергілікті жол учаскесі 3-5 тамыз аралығында толығымен жабылады. 

«Астана тұрғындары мен қонақтарынан қала жолдарында кептеліс болмас үшін өз маршрутын алдын ала жоспарлауын сұраймыз. Уақытша қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз және жол-құрылыс жұмысына түсіністікпен қарайды деп үміттенеміз», - дейді әкімдіктен.  

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде