{metadescription}
Атыраудың маңында тағы да балық қырылып қалды

Атыраудың маңында тағы да балық қырылып қалды

Атырау қаласының маңындағы каналдан бөлініп қалған суда балықтың қырылғаны анықталды. Өлген балықтың салмағы — 69,5 келі.

Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының мәліметіне сүйенсек, балықтың қырылғаны кеше, 2 тамызда анықталған. 

«Атырау қаласына таяу орналасқан Еркінқала ауылының маңындағы көктемгі су тасқыны кезінде бөлініп қалған суда балықтардың қырылғаны туралы ақпарат анықталды. Бөлінген су Қара өзен каналынан аққан. Судағы температурасы — 29 градус, оттегі мөлшері — 2 мл/дм³. Балықтың жалпы салмағы - 69,5 келі», - деп хабарлады облысаралық инспекция.

Осыған байланысты өзара іс-қимыл схемасына сәйкес құрылған комиссияға мемлекеттік органдардың өкілдері енгізілді.

Атырау облыстық экология департаменті зертханалық зерттеулер үшін суда сынама алынды.

Ал, өлген балықтардың өлексесінен сынама алу мүмкін болмады. Өйткені, өлекселер ыдырап кеткен. 

«Балықтың қырылуының болжамды себебі — судағы оттегі мөлшерінің жетіспеушілігі. Оттегінің концентрациясы 4 мл/дм3-тен төмен болған кезде балық қырылады. Балық өлекселері санитарлық нормаларға сәйкес жинап алынды», - деп мәлім етті облысаралық инспекциядан. 

Дереккөз: Kazinform 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде