{metadescription}
Алматы облысындағы шатқалда ауырып қалған туристке құтқарушылар көмектесті

Алматы облысындағы шатқалда ауырып қалған туристке құтқарушылар көмектесті

ТЖМ баспасөз қызметі Алматы облысындағы шатқалда ауырып қалған туристке құтқарушылар көмектескенін мәлімдеді.

«Талғар ауданындағы „Сол Талғар“ шатқалында туристік маршрутпен жүріп келе жатқан 6 Ресей Федерациясының азаматтарынан тұратын топтың басшысы — 1968 жылы туған әйел өзін жаман сезініп әрі қарай жол жүре алмаған.

ТЖМ Республикалық жедел-құтқару жасағының жедел тобы шақыру орнына келіп, «Қазавиақұтқару» тікұшағының көмегімен зардап шегушіні 1 сүйемелдеушімен таудан түсіріп, оны Апаттар медицинасы орталығының қызметкерлеріне тапсырды», — деп жазды ведомстводан.

Дерекке қарағанда, қалған қонақтар маршруттарын жалғастырды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.