5 тамызда Олимпиадада қазақстандық спортшылар қай уақытта сайысқа түседі
Париж Олимпиадасында 5 тамыз, дүйсенбі күні қазақстандық 5 спортшы стенд ату, жеңіл атлетика, грек-рим күресі секілді 3 жарыс түрінен бақ сынайды.
Фото: REUTERS / BENOIT TESSIER
10:08 05.08.2024
Стенд атудан скит микста сынында стенд атуда ел құрамасынан Әсем Орынбай мен Эдуард Ещенко жарыс жолына шығады. Қалған 2 спорт түрінде іріктеу кезеңі болады.
Стенд ату
12: 00 Іріктеу кезеңі. Әсем Орынбай мен Эдуард Ещенко скитте жұп микс өнер көрсетеді.
18: 00 Финал.
Жеңіл атлетика
15: 50. Іріктеу кезеңі. Ольга Сафронова (200 метр) жұбаныш кезеңіне қатысады.
23:45 Жартылай финал.
Грек-рим күресі
18:00. 60 келі. Айдос Сұлтанғали - Жоламан Шаршанбеков
130 келі. Әлімжан Сыздықов - Алин Алексус-Циурариу (Румыния)
00:00 Жартылай финал.
Олимпиадада 4 тамыздағы жарыс күнінен кейін Қазақстан құрамасының қоржынында 1 алтын, 1 күміс, 2 қола жүлде бар.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!