{metadescription}
Астана және Алматы қалаларында 3 ірі есірткі зертхана жойылды

Астана және Алматы қалаларында 3 ірі есірткі зертхана жойылды

Астана және Алматы қалаларында Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті полициямен өзара әрекетте және прокуратура органдарының үйлестіруімен 3 ірі есірткі зертханасының әрекетін жойды. Бұл туралы ҰҚК баспасөз қызметі мәлім етті. 

Аталған қылмыстар жасады деген күдік бойынша Қазақстанның 8 азаматы ұсталып, соттың санкциясымен қамауға алынды.

«Тінту барысында 93 кг-нан астам синтетикалық есірткі, кристалдану сатысындағы 70 литр мефедрон, сондай-ақ 255 кг прекурсор мен зертханалық жабдықтар алынды. „Қара“ нарықта тәркіленген есірткінің құны 2 млрд теңгеден артықты құрауы мүмкін», — делінген хабарламада. 

Қылмыстық Кодекстің 297-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге де ақпарат жария етілуге жатпайды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.