{metadescription}
Астанада тасжолдың бір бөлігі ішінара жабылады

Астанада тасжолдың бір бөлігі ішінара жабылады

Астанада Қарқаралы тасжолының бір бөлігі жартылай жабылады.

"Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы" ММ "Жұлдыз" айналымынан бастап жолайырыққа дейінгі учаскесінде Қарқаралы тасжолының төсеміне үстінгі қабатын салу жұмыстарын жүргізу туралы хабарлайды.

Қозғалыс осы учаскеде 4-7 тамыз аралығында ішінара жабылады. Бұл ретте автокөлік құралдарының қозғалысы бір жағымен екі бағытта да жүзеге асырылады.

"Елорда тұрғындары мен қонақтарынан қала жолдарындағы кептелістерді болдырмау мақсатында өз маршруттарын алдын ала жоспарлауды сұраймыз. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және жол-құрылыс жұмыстарын жүргізуге түсіністікпен қарауды сұраймыз", - делінген хабарламада.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.