{metadescription}
Телефон алаяғы павлодарлық тұрғынның атына 30 млн теңге несие рәсімдеген

Телефон алаяғы павлодарлық тұрғынның атына 30 млн теңге несие рәсімдеген

Павлодар облысында өзін ұлттық қауіпсіздік комитетінің майорымын деп таныстырған телефон алаяғы әйелді алдап соқты. Ол жәбірленушінің атына шамамен 30 миллион теңге несие ресімдеген.

Белгілі болғандай, шілде айында павлодарлық әйелге өзінің жұмыстағы басшысы WhatsApp арқылы хабарлама жіберген. Онда әйелді лаңкестердің шоттарына ақша аударуға байланысты ұлттық қауіпсіздік комитетіне шақырып жатыр деп жазылған. 

«Кейінірек оған «ҰҚК майоры» қоңырау шалып, оның атына шот ашылғаны және бұрын сотталған әрі іздеуде жүрген ер адамның атына 1 500 000 теңге аударылғаны туралы хабарлайды. Одан соң жәбірленуші өз шоттарын қорғау үшін телефон арқылы жалған Ұлттық банк қызметкерінің көмегіне жүгінген. Сөйтіп оның нұсқауларын орындай отырып, депозиттік шотындағы15 000 000 теңгені алып, әлгілер ұсынған шотқа 5 миллион теңгеден астам соманы аударады. Әрі мұндай операцияны ол бірнеше мәрте қайталаған. Кейін алданғанын түсінген ол полицияға жүгінді», — деп хабарлады Павлодар облысы полиция департаменті бастығының орынбасары Болат Нұрсейітов.

Тергеу көрсеткендей, ақша аударылған адамдар да алаяқтардың құрбанына айналған. Қазіргі уақытта жедел уәкілдер соңғы екі жылда ҚР аумағында нөмірлері ретрансляцияланбаған абоненттердің орналасқан жерін анықтауға сұрау салулар жіберді. Қылмыс жасағандарды және олардың орналасқан жерін анықтау бойынша жедел-іздестіру іс-шаралары жалғасып жатыр.

Дереккөз: Kazinform

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде