{metadescription}
СҚО-да бір күнде екі әйел саңырауқұлақтан уланып, ауруханаға түсті

СҚО-да бір күнде екі әйел саңырауқұлақтан уланып, ауруханаға түсті

Петропавлда асқа саңырауқұлақты қолданған екі әйел қатты уланып, өлім аузынан қалды. Олардың біреуі әлі де жансақтау бөлімінде жатыр.

Солтүстік Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, екі оқиға да бір күнде болған, бірақ бір-біріне қатысы жоқ. 

Жексенбі күні Петропавл қалалық көпбейінді ауруханаға саңырауқұлақ жеп, уланды деген диагнозбен 49 жастағы әйел түскен. 

Өте ауыр жағдайда түскен қала тұрғыны бірден жансақтау бөліміне жатқызылып, өкпені жасанды желдету аппаратына қосылды. Қазіргі кезде сырқаттың беті бері қарады. Өздігінен демалғанымен, жансақтау бөлімінен шығарылған жоқ. 

Екінші әйел сол күні кешқұрым түскен. Оның да жасы 49-да. Петропавл тұрғыны терапия бөлімінде ем қабылдап жатыр. Жағдайы ауыр болғанымен, тұрақты. 

Мамандар саңырауқұлақты асқа пайдаланғаннан кейін улану белгілері пайда болған жағдайда бірден дәрігердің көмегіне жүгінуге кеңес береді.

Дереккөз: Kazinform

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде