{metadescription}
Қостанай облысындағы ауылда сібір жарасы анықталды

Қостанай облысындағы ауылда сібір жарасы анықталды

Қостанай облысы Денисов ауданы Приречное ауылында сібір жарасы анықталуына байланысты карантин енгізілді.

Қостанай облысының ветеринария басқармасының хабарлауынша, 26 шілде күні Денисов ауданы, Свердлов ауылдық округі Приречное ауылындағы жергілікті кәсіпорында мал өлімі тіркелгені туралы хабарлама келіп түскен.

Патологиялық материал іріктеліп, сібір жарасын тексеру үшін Облыстық ветеринариялық зертханаға жіберілді. 2024 жылғы 31 шілдедегі тексеру актісіне сәйкес, облыстық ветеринариялық зертхана бактериологиялық және ПТР әдісімен сібір жарасына ірі қара малдан алынған патологиялық материалының сараптамалық актісі берілді.

«Свердлов ауылдық округі әкімінің 2 тамыздағы қаулысымен Приречное ауылының аумағында карантин белгіленді. Республикалық эпизоотияға қарсы жасақтың Қостанай филиалы инфекция ошағында оқшаулау және жою шараларын жүргізу жұмыстары басталды», - делінген хабарламада.

Сібір жарасымен күресу ережесіне сәйкес карантин жануарлардың соңғы өлімінен, яғни 15 күннен кейін, сондай-ақ зардап шеккен аймақта барлық ветеринариялық іс-шаралар жүргізілгеннен кейін жойылады.

Соңғы бес күнде ірі қара малдың өлімі тіркелген жоқ, малдың жалпы жағдайы қанағаттанарлық, клиникалық белгілері байқалған жоқ.

Дереккөз: Kazinform

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде