{metadescription}
Суға шомылу маусымы: ішімдік ішкен 785 адам жауапқа тартылды

Суға шомылу маусымы: ішімдік ішкен 785 адам жауапқа тартылды

ҚР ІІМ әкімшілік полиция комитеті басқарма бастығының орынбасары Айдын Оразбаев су айдынындағы қауіпсіздік шаралары туралы айтып берді. 

Жаз басталысымен жаппай демалыс орындарында жасақтар көбейтілді. Жеке құрам адамдарды судан құтқаруға және бірінші көмек көрсету дағдыларына үйретіледі. Автопатрульдер құтқару шеңберлерімен, жилеттермен, арқандармен жабдықталған.

«Елімізде жүзу, демалу және балық аулау үшін пайдаланылатын 85 мың өзен мен 48 мың көл бар. Әкімдер шешімімен 708 бұқаралық демалыс орны, 167 коммуналдық және 425 жеке жағажай, 116 спорт және туризм үшін бекітілген. Су айдындарында рейдтер мен түсіндіру жұмыстары жүргізілді, жедел басқару орталықтары камераларымен қамтылды», - деді А. Оразбаев министрлік брифингінде.

Нәтижесінде тыйым салынған жерлерде шомылғаны үшін 1 925 адам жауапқа тартылды, алкогольдік ішімдіктерді iшу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келгені үшін – 785 адам, ұсақ бұзақылық үшін – 475 адам жазаланды. Сондай-ақ, полиция қызметкерлері суға батқан 14 адамды құтқарған. 

«Cуда спирттік ішімдік ішуге болмайды, рұқсатсыз жерлерде шомылмау қажет, әсіре балаларды қараусыз қалдырмауды сұраймыз. Себебі адамдардың суда қайтыс болулардың басты себебі қауіпсіздік шараларын сақтамау», - дейді ІІМ өкілі.

Дереккөз: Kazinform

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде