Еліміздің 14 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жасалды
"Қазгидромет" РМК синоптиктері ертең, 6 тамызда еліміздің 14 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жасады.
Фото: pixabay
08:22 06.08.2024
Маңғыстау облысының басым бөлігінде 40 градус қатты ыстық сақталады.
Атырау облысының батысында, солтүстігінде найзағай күтіледі. Күндіз 35-39 градус қатты ыстық сақталады. Облыста жоғары өрт қауіпі, облыстың оңтүстік бөлігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.
Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, таңертен және күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с. Облыстың орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.
Абай облысының солтүстігінде, орталығында найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында 15-20 м/с. Күндіз облыстың оңтүстігінде 35 градус қатты ыстық күтіледі. Облыс бойынша жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.
Ұлытау облысында 35-38 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі күтіледі, облыстың солтүстігінде, шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады.
Ақмола облысының солтүстік-батысында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстік-батысында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Облыстың оңтүстік-батысында жоғары өрт қауіпі сақталады.
Ақтөбе облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-шығысқа ауысады, күндіз найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с. Күндіз облыс бойынша 35-36 градус қатты ыстық сақталады.
Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде найзағай күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа ауысып соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Күндіз облыстың оңтүстігінде 35 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қауіпі күтіледі.
Қызылорда облысында 40-41 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың солтүстігінде жоғары өрт қауіпі, облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.
Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында найзағай, күндіз бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Күндіз облыстың онтүстігінде 35 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.
Алматы облысының тау етегіндегі, таулы аудандарында кей уақытта найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с. Күндіз облыстың басым бөлігінде 35 градус қатты ыстық сақталады.
Алматыда күндіз кей уақытта найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15 м/с. Жоғары өрт қаупі сақталады.
Жетісу облысында солтүстік-батыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Облыс басым бөлігінде 35-36 градус қатты ыстық сақталады.
Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай, дауыл күтіледі. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында бұршақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с, күндіз күші 15-20, облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 23 м/с.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!