Астанада әйел танысының атына жасырын несие ресімдеген
Астана тұрғыны полицияға алаяқтық фактісі бойынша арызбен жүгінген, деп жазады kazinform.
Фото: polisia.kz
09:05 06.08.2024
Ер адамның айтуынша, оның танысы алдап атынан несие алған. Алматы ауданы ПБ полиция қызметкерлері Құқықтық тәртіп жедел-алдын алу іс-шарасын өткізу барысында 43 жастағы әйелді анықтады, ол уақытша пайдалана тұру сылтауымен телефонды ер адамнан сұрап алған. Содан кейін банктің мобильді қосымшасының көмегімен ол 475 мың теңге сомаға несие ресімдеген.
Жәбірленуші алаяқтық фактісін несиені кешіктіру туралы хабарлама келген кезде анықтаған.
Әйел ақшаны өз қажеттіліктеріне жұмсағанын мойындаған.
Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сондай-ақ әйелдің бұрын ұрлық пен алаяқтық жасағаны үшін бірнеше рет жауапқа тартылғаны анықталды.
Астана қаласының полиция департаменті азаматтарға сақ болуды және бейтаныс адамдарға сенбеуді ескертті.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!