Шекара маңындағы мектептердің интернет мәселесі қалай шешіліп жатыр
Мектептердегі интернет сапасы 2023 жылдың басындағы 19 пайыздан 2024 жылы 90 пайызға артқан, деп жазады kazinform.
Фото: freepik.com
10:55 06.08.2024
«Мемлекет басшысының мектептерді сапалы интернетпен қамтамасыз етуге қатысты тапсырмасына сәйкес, біз Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен бірлесіп жыл басынан мектептерді жоғары жылдамдықты интернетпен қамтуға қатысты жаңа талаптарын бекіттік. Осыған орай мектептердегі интернет сапасы 2023 жылдың басындағы 19 пайыздан 2024 жылы 90 пайызға артты. Бұл жұмыс ары қарай жалғасуда», - деді Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Үкімет отырысында.
Қазір мектептерді жоғары жылдамдықты интернетпен қамту мақсатында Starlink спутниктері орнатылып жатыр.
«Бүгінгі мәлімет бойынша қажетті 1 879 мектептің 1 731-де Starlink спутниктері орнатылған. Ал шекара маңында орналасқан 137 мектептерде Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі терминалдарды жандандыру жұмысын жүргізіп жатыр. Дегенмен Жамбыл, ШҚО, Атырау, Павлодар, Түркістан, БҚО және Ұлытау облыстары мектептердегі интернет жылдамдығын арттыру бағытындағы жұмыстарын жеделдетіп оқу жылы басталғанға дейін аяқтау қажет», - дейді ол.
Бұл жұмыстар министрдің қатаң бақылауында.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!