{metadescription}
Министр мектеп қауіпсіздігін баяу қамтамасыз етіп жатқан өңірлерді атады

Министр мектеп қауіпсіздігін баяу қамтамасыз етіп жатқан өңірлерді атады

Қазір ел мектептерінде оқу жылына дайындық жұмыстары қарқынды жүріп жатыр.

«Мемлекеттің басым міндеті балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және олардың құқықтарын қорғау. Өртке қарсы және терроризмге қарсы қауіпсіздікті қамтамасыз ету, дабыл түймесінің, бейнебақылау жүйесінің, турникеттердің және лицензияланған күзеттің міндетті болуы жөніндегі талаптар күшейтілді. Алғашқы рет білім беру ұйымдарын қауіпсіздік жүйелерімен барынша жарақтандыру қамтамасыз етілді. Осыған орай жергілікті атқарушы органдардың 2024-2025 жылдарға арналған өңірлік жоспарлары бекітілді», - деді Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Үкімет отырысында. 

Министрдің айтуынша, білім ошақтарында балалардың қауіпсіздігін 72% лицензияланған күзет агенттіктері қорғайды. 

«Мектептердің 87%-ы дабыл түймелерімен жабдықталған және 62%-да турникеттер орнатылған. Мектептердің 70%-ы ішкі істер органдарының Жедел басқару орталықтарына қосылған. Бұл жұмыстар министрліктің үздіксіз бақылауында. Дегенмен Ақтөбе, Алматы, Атырау, БҚО, ШҚО, Маңғыстау, Түркістан облыстарында білім мекемелерін қауіпсіздікпен қамтамасыз ету жұмыстары өте баяу жүріп жатыр», - дейді ведомство басшысы.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.