{metadescription}
Су тасқыны салдарынан 28 мың адам эвакуацияланды

Су тасқыны салдарынан 28 мың адам эвакуацияланды

Қытайдың солтүстік-шығысындағы Ляонин провинциясының 28 мыңнан астам тұрғыны қатты жаңбырдан туындаған су тасқыны салдарынан эвакуацияланды, деп жазады Синьхуа агенттігі.

Провинцияның су тасқыны мен құрғақшылыққа қарсы күрес штабы осы провинцияның көптеген аудандарында жексенбі күні сағат 07:00-ден дүйсенбі күнгі 07:00-ге дейін қатты жаңбыр жауғанын хабарлады. Провинциядағы жауын-шашынның орташа тәуліктік мөлшері 25,4 мм-ге жетті. Жауын-шашынның максималды мөлшері сағатына 81,9 мм жетті. Осыған байланысты провинцияның алты өзеніндегі су деңгейі қауіпті деңгейден асып түсті.

Провинцияның әкімшілік орталығы Шэньян қаласында және осы провинцияның аудандық маңызы бар тағы жеті қаласында нөсерге байланысты үшінші немесе төртінші деңгейлі төтенше жағдайға шұғыл ден қою тетіктері іске қосылды.

Қытайда су тасқынына байланысты төтенше жағдайларға шұғыл әрекет етудің төрт деңгейлі жүйесі қабылданды, мұндағы 1-деңгей ең жоғары деп саналады.

Провинцияның су басқармасы бөгеттер жағдайын бақылау жұмыстарын күшейтті.

Синоптиктер мәліметінше, сейсенбі және сәрсенбі күндері провинцияда тағы да жаңбыр жауады.

Дереккөз: kazinform

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.