{metadescription}
Павлодарда бағусыз жүрген 5 мыңға жуық мал айыптұраққа қамалды

Павлодарда бағусыз жүрген 5 мыңға жуық мал айыптұраққа қамалды

Полицейлер автожолға шығып кететін төрт түлікті іздеп тауып, айыптұраққа қамап жатыр, деп жазады kazinform.

Жыл басынан бағусыз жүрген 4805 мал анықталып, 702 мал иесі әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Жуықта Павлодар қаласына жақын жердегі Мойылды ауылы маңында жылқы табыны иесіз жайылып жүргені ақпарат түскен. Тәртіп сақшылары жылқыларды айыптұраққа айдап апарып, иесін анықтады. Мал иесі қомақты айыппұл төлейтін болады.

Полицейлердің айтуынша, автожолға шығып кететін мал мәселесі әлі де өзекті. Олар жол-көлік апаттарына себепші болады, адамдар зардап шегеді, кейбір жағдайда ол тіпті өлімге алып апарып соқтырады. Полицейлер иесіз малды анықтау бойынша тұрақты негізде рейдтер жүргізіп келеді.

— Жыл басынан бері Павлодар облысында 4805 бас иесіз жайылып жүрген малды полицейлер айыптұрақтарға қамап, 702 мал иесі әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Көп жағдайда иесіз жүрген жылқылар жиі анықталады, -деп хабарлады Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.