{metadescription}
ҰБТ сұрақтарын басқаша құрастырамыз – Саясат Нұрбек

ҰБТ сұрақтарын басқаша құрастырамыз – Саясат Нұрбек

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Ұлттық бірыңғай тестілеу жүйесін өзгерістер күтіп тұрғанын айтты, деп жазады kazinform.

«Ұлттық бірыңғай тесттерін құрастыратын 300 сарапшыны даярладық. Мамандар ең мықты тест орталықтарына барып тағылымдамадан өтті. Енді біз ҰБТ сұрақтарын басқаша құрастыратын боламыз, жұмыс басталды. ҰБТ-ға қатысты кез келген өзгеріс өте нәзік сұрақ, бірден шулап кетеді. Сондықтан оны бірден ауыстыруға мүмкіндік жоқ. Реформаны ақырындап, 3-4 жылдың ішінде жүзеге асыруымыз керек. Бірінші кезеңде сұрақтардың сапасы өзгереді. Бала қалаған уақытта және қалаған жерде ҰБТ тапсыра алуы тиіс. Жинаған ұпайы қанағаттандырмаса қайта тапсырады. Өзіне керекті балл алғанға дейін тапсыра алады», - деді Саясат Нұрбек Үкімет отырысынан кейін өткен баспасөз мәслихатында.

Министр ұсынған мәлімет бойынша биыл 11 мыңнан астам түлек ҰБТ-да 90-нан жоғары балл жинаған, бірақ грантқа түспеген.

«Негізінде жоғары оқу орындары талапкерлерді қабылдау емтихандарын өздері ұйымдастырып, өздері қабылдайтын модельге көшуіміз керек. Мысалы, шетелде жоғары оқу орындары студенттерді өздері таңдайды», - дейді ол.

Сондай-ақ, ведомство басшысы ҰБТ-ға қатысты жаңа реформаның ашық әрі кеңінен түсіндірілетінін мәлім етті.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.