Қазақстанда жанармай экспортына тыйым салу мерзімі ұзартылады
Энергетика министрлігі «Қазақстан Республикасының аумағынан мұнай өнімдерін әкетудің кейбір мәселелері туралы» бірлескен бұйрықтың жобасын дайындады.
Фото: Виктор Федюнин/ Kazinform
16:50 06.08.2024
– Қазақстан Республикасының аумағынан, оның ішінде Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерге бензиндерді, дизель отынын және мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін автомобиль көлігімен әкетуге алты ай мерзімге тыйым салу енгізілсін, - делінген жобада.
Мына түрдегі мұнай өнімдерін шығаруға тыйым салынбайды:
- автокөлік өндірушісі ұсынған газ цистерналарында шығару;
- өнеркәсіптік өндіріске енгізу мақсатында тәжірибелік партиядан алынған үлгілердің қоспаларын іріктеуге, біліктілік және зертханалық сынақтар бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге арналған авиациялық отын;
- ҚР Үкіметінің шешімі бойынша гуманитарлық көмек шеңберінде экспортталатын мұнай өнімдерінің жекелеген түрлері.
Бұйрық жобасы «Ашық НҚА» порталында 2024 жылдың 19 тамызына дейін орналастырылған.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!