{metadescription}
Мектеп күзетшілерінің көбі вахтерлер мен зейнеткерлер – Ішкі істер министрі

Мектеп күзетшілерінің көбі вахтерлер мен зейнеткерлер – Ішкі істер министрі

Мектепте оқушылардың саны 700-ден жоғары болса, лицензияланған күзет болуы тиіс. Балалардың қауіпсіздігі туралы толығырақ Ішкі істер министрі Ержан Саденов айтып берді, деп жазады kazinform.

«Биыл 2 655 білім беру мекемесінің қауіпсіздігін тексердік. Тексеру нәтижесінде 1 мыңнан астам заң бұзушылық анықталып, 340 басшы жауапқа тартылды, оларға 95 млн теңгеге айыппұл салынды. Білім ошақтары бейнебақылау камераларымен жабдықталған. Бірақ, жеке білім беру мекемелері бейнебақылау камераларының 55%-ы ғана жедел басқару орталығына қосылған. Бейнебақылау камераларымен қамту бойынша ең төменгі көрсеткіш Жамбыл, Шығыс Қазақстан облысы және Алматы қаласында», - деді Ержан Саденов Үкімет отырысында.

Министрдің мәлімдеуінше, жеке мектептердің 85%-ы дабыл түймелерімен жабдықталған.

«Егер білім беру ұйымында адамн саны 700-ден көп болса, қауіпсіздікке лицензияланған күзет жауапты болуы қажет. Оларда радиобайланыс құралдары, қызметтік қару және жедел мобильді топтары болады. Күзетшілердің көбісі қарапайым вахтерлар, зейнеткерлер. Сондықтан кез келген адам қауіпті заттарды кедергісіз кіргізе алады», - дейді ол.

Бұған дейін Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мектеп сыртындағы әжетхана мәселесіне қатысты пікір білдірген еді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.