{metadescription}
Алматы маңындағы ауылда көпқабатты үйден өрт шықты

Алматы маңындағы ауылда көпқабатты үйден өрт шықты

Алматы облысының құтқарушылары көпқабатты үйден шыққан өртті сөндірді, деп жазады kazinform.

Алматы қаласының жанында орналасқан Іргелі ауылының аумағына кіретін «Асыл арман» тұрғын үй кешенінен өрт шықты. Оқиға орнына келген өрт сөндірушілер 9 қабатты тұрғын үйдің 6-шы қабатында балкон жанғанын анықтаған. Өрт 7 және 8-қабаттағы пәтерлер мен балкондарға ауысқан.

- Үйдің тұрғындары алдын ала эвакуацияланды. ТЖМ күштерімен 60 шаршы метр алаңдағы өрт сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ, - деп хабарлады ТЖМ баспасөз қызметі.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.