{metadescription}
Биыл есірткі тасымалдағаны үшін кәмелетке толмаған 30 жасөспірім ұсталды

Биыл есірткі тасымалдағаны үшін кәмелетке толмаған 30 жасөспірім ұсталды

Полиция биыл есірткі тасымалдағаны үшін кәмелетке толмаған 30 жасөспірім ұсталғанын мәлімдеді.

«Жазғы демалыс жалғасуда. Балаларыңызға мұқият болыңыздар. Олардың уақытын және пайдаланатын интернет-ресурстарды бақылаңыздар. Виртуалды әлемде арандатулар жиі кездеседі. Жасөспірімдер кейде өз әрекеттерінің салдарын білмей, оңай ақша табудың тұзағына түсіп жатады.

Бір қарағанда бұл зиянсыз граффити сызбасына ұқсайды. Шын мәнінде әлеуметтік желі арқылы есірткі сатып алуға болатын танымал арнаның жарнамасы болуы ықтимал», — деп ескертті ІІМ-нен.

Мамандар күмән тудыратын чаттар, геолокациялары бар белгілер, орындардың әртүрлі фотосуреттері мен үйлердің қабырғаларындағы түрлі сызбаларға назар аудару қажеттігін айтқан, деп жазады kazinform.

«Сонымен қатар, дәрі-дәрмектер, фольга, шыны түтікшелер және басқа да қаптамаларға зер салыңыз. Мұның бәрі есірткі тұтынуға арналған құрал болуы мүмкін.

Шамадан тыс ақша көрсеңіз оның қайдан келгенін ойлаңыз. Балаңызды салауатты өмір салтына баулып, түсіндіру жұмыстарын жүргізіңіз», — делінген хабарламада.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.